«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 16-18 ақпан аралығында елдің үш мегаполисінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана
- 16 ақпан – ауыспалы бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -5…-7°C.
- 17 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.
- 18 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C.
Алматы
- 16 ақпан – ауыспалы бұлтты, кешке қарай қар жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман, жолда көктайғақ. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.
- 17 ақпан – ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.
- 18 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ сақталады. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.
Шымкент
- 16 ақпан – ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +2…+4°C.
- 17 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +8…+10°C.
- 18 ақпан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, 5-10 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +9…+11°C.
Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ пен тұманға байланысты абай болуға шақырады.