16.02.2025, 17:50
Жаңалықтар
Ақтөбеде өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды
Олардың үшеуі – бала
Фото: ТЖМ
Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен алты адам құтқарылды, олардың арасында үш бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт Есет батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Жанған тұрмыстық заттардан шыққан қою түтін бүкіл подъезді басып қалды», — делінген хабарламада.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы алты адамды, соның ішінде үш баланы қауіпсіз жерге алып шыққан. Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)