«Ең болмағанда ботокс жасатқан жоқпын»: бұрын соттасқан Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов жаңа тренд түсірді (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Ләйлә Нұрболхан сияқты саясатты түсінбесе де, түсінетін адамдай сынамайтынын айтты

Фото: Instagram/sultankyzy

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов жаңа тренд түсіріп, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Бұрын соттасқан жұлдыздар бұл жолы «Мен ең болмағанда…» деп басталатын әзіл видеода өзара қалжыңдасып, бір-біріне тиісіп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Нұрболхан Шарапов өз сөзін «Мен хотя бы елуде емеспін», – деп бастады.

Ләйлә Сұлтанқызы оған жауап ретінде «Құдай елуге келтірсін сені. Ал мен комментте елдермен ұрсысып, ел-жұртқа разоблачение жасап, актив жинамаймын», — деп әзілмен жауап қатты.

Әзілкеш бұл сөзден кейін сәл ойланып тұрып, тағы бір уәжін алға тартты.

«Мен хотя бы ботокс жасатқан жоқпын», — деді ол.

Оған жауап ретінде тележүргізуші «Бір күні елуге келгенде Нұрболхан блефаропластика жасап отырған ба?» деп қалжыңдады.

«Ал мен хотя бы саясатты түсінбесем, түсінетін адамдай сынамаймын», – деді ол.

Нұрболхан әзілден жеңілгісі келмей «Ал мен хотя бы сізден кешірім сұрадым» деген уәжін айтты. Ләйлә бұл сөзге қарама-қарсы пікір білдіріп, өз артықшылығын сипаттады.

«Ал мен аш адамдай Жаханның жаңа келіншегінің етін жегім келеді демеймін», — деді ол.

Бұдан кейін Нұрболхан не айтарын білмей, жеңілгенін мойындады. «Не айтарымды білмей қалдым ғой. Болды, жеңілдім. Ләйлә жеңді!», деді әзілкеш.