Шымкентте әскерде жүрген сарбазды анасы арнайы барып, туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)
Ол 20 жасқа толды

Шымкентте әскерде жүрген сарбазды туған күнімен анасының құттықтаған сәтінен видео жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сарбаз Оңғарсын Ақмұратов ІІМ Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Оны 20 жасқа толған туған күнімен анасы Илья Сақтағанқызы құттықтады.
Шымкент қаласынан ұзақ жол жүріп барған ана ұлын көрген сәтте көзіне жас алды. Туған күнінде анасының жанында болғаны сарбаз үшін үлкен сый болды.
«Баламның әскери борышын абыроймен өтеп жатқанына мақтанамын. Сағынышым қойныма сыймаса да, оның ел қорғау жолындағы қадамына қолдау білдіремін. Әрбір ата-ана үшін баласының амандығы мен елге адал қызмет етуі – ең бастысы», – деді анасы толқып.
Қатардағы сарбаз Оңғарсын Ақмұратовтың әскерде жүргеніне 9 ай бойы болды.