Ол мас күйінде экс-жұбайын соққыға жыққан
Абай ауданының тұрғыны ,ұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Абай ауданының 32 жастағы тұрғыны мас күйінде бұрынғы әйелінің үйіне келген. Жанжал кезінде ол әйелдің ішінен, бетінен, иығынан және арқасынан ұрған. Ол дереу полицияға хабарласқан.
Тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырған, бірақ кейін сотта жәбірленуші бұрынғы күйеуін кешірген. Алайда, ер адам зорлық-зомбылық көрсетуді жалғастырған.
Нәтижесінде әйел қайтадан полицияға хабарласқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары құқық бұзушыны ұстады.
Сот 32 жастағы ер адамды кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.