Жаттықтырушылар штабының шешімімен кездесу жабық режимде өтті
Қазақстан ұлттық құрамасы жуырда тағайындалған бас бапкер Әли Әлиевтің жаттықтыруымен Өзбекстанның «Локоматив» ұжымына қарсы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл бас бапкердің жаттықтыруымен өткен алғашқы матч болатын. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Матч Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу алаңында өтті. Қазақстан сапынан Айбар Жақсылықов гол соқты. Жаттықтырушылар штабының шешімімен кездесу жабық режимде өтті.
Қазақстан құрамасы енді Солтүстік Кореяға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Станислав Черчесовтің жаттықтыруымен 6 матч өткізіп, отандастарымыз қарсылас командаға бір гол да соға алған жоқ.