Ата-аналардың бірі балабақша камерасына түскен видеоны жариялап, жұртты шошытты
Алматыда бүлдіршінді тұншықтырып, өлтіріп қоя жаздаған балабақша ата-аналардан жылына 2 млн теңгеге жуық алып отырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балабақшаның жылдық ақысы туралы танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жазды.
«Балабақшаның жылдық ақысы 1,8 млн теңгені құрайды», - деп жазды Динара Сәтжан
Айта кетейік, балабақшадағы былық бүгін белгілі болды. Ата-аналардың бірі балабақша камерасына түскен видеоны жариялап, жұртты шошытты.
«Алла сақтасын! Тасжүрек тәрбиеші жазалану керек», «Балабақша лицензиясынан айырылсын, барлығы жазасын алсын! Халал балабақша дейді ғой, дінді жамылып, адам еместер», «Қаным басыма шауып отыр. Ар жағында көріп үндемей отырған апайлардың бәрі де жазалансын», - деп жазды желі қолданушылары.