$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында мал ұрлап, етке өткізгендер сотталып тынды

Олар бұл ісін өздерінің «кәсібіне» айналдырған

Жамбыл облысында мал ұрлап, етке өткізгендер сотталып тынды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында мал ұрлағандар бірнеше жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2024 жылдың қазан айынан бастап Т.Рысқұлов ауданының полиция бөлімшесіне бірқатар ауыл тұрғынынан төрт түлік малдың ұрлануы бойынша арыз түсіп, мал ұрлығы фактісімен 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері басталған.

Жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде 4 күдікті анықталып, барлығы Луговой ауылының тұрғындары болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы түнгі уақытта жеңіл автокөліктерімен шығып, ауылдардың айналасында жайылып жүрген жылқы және сиыр малдарын ұстап, сойып, етке өткізумен айналысқаны анықталған.

13 бас мал ұрланып, жәбірленушілерге 4,6 млн теңгеге материалдық шығын келтірілген.

«Аудандық соттың 20.12.2024 жылғы үкімімен төрт сотталушы ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Осы тектес 2024 жылдың қыркүйек және қараша айларында залал көлемі 7 млн теңгені құрайтын 17 бас мал ұрлығының екі фактісі әшкереленген.

Аудандық соттың үкімімен екі қылмыскер 3 жыл 6 ай және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларына сотталды. Үкімдер заңды күшіне енбеген», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары