Қарағанды облысының трассаларында жүздеген көлік кептеліп қалған

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қарағанды облысының трассаларында жүздеген көлік кептеліп қалған

Фото: Telegram/Patriot

Қарағанды облысының трассаларында боран соғып, жолдар жабылып жатыр. Боран салдарынан трассаларда екі жүзге тарта көлік кептеліп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының Ақмола облысының шекарасы, Теміртау ақы алу пунктінде және «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының учаскесінде Қарағанды – Павлодар облысы шекарасындағы жолдар жабылған.

Patriot Telegram арнасының мәліметінше, мынандай көліктер кептелісте тұрып қалған:

  • Жүк көлігі – 113 бірлік техника, 166 адам.
  • Жеңіл көлік – 98 бірлік техника, 177 адам.
  • Қоғамдық көлік – 2 автобус, 28 адам (Шымкент-Астана: 26 адам, оның ішінде екі бала; Алматы-Астана 2 адам).

Айта кетейік, бүгін боранға байланысты Астанадан шығаберіс тасжолдар жабылып қалған болатын.