Шымкентте студенттер есірткімен ұсталды
Шымкентте есірткі қойып кетіп жүрген студенттер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, тінту нәтижесінде есірткі заттарын қалдырумен айналысқан 18 жастағы екі студенттен есірткі дозасы бар 50 байламы тәркіленді.
«Олар қала аумағында жасырын жерлерге есірткі заттарын қойып, олардың орналасқан жері туралы мәліметті мессенджер арқылы таратып келген.
Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оларға бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.