Тоқаев «AMANAT» партиясы бастамашылық еткен заңға қол қойды
Жоба аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында тәлімгерлік институты енгізіледі
![Тоқаев «AMANAT» партиясы бастамашылық еткен заңға қол қойды](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/13/67add28355bac028931251.jpg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл заңға «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары бастамашылық етті.
Жоба аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында тәлімгерлік институты енгізіледі. Тәлімгер болғысы келетін азаматтар арнайы оқытудан өтіп, құқықтық және психологиялық көмек алады.
Мәдениет саласында қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры мен ұлттық корпусын құру жоспарланып отыр. Бұл түзетулер қазақ тілінің дамуына серпін беріп, оны ақпараттық технологияларға бейімдеуге мүмкіндік ашады.
«AMANAT» партиясы сайлауалды уәделерін жүйелі әрі сапалы жүзеге асыру бағытында жұмысын жалғастыруда. Осылайша, партия фракциясының Мәжіліс депутаттары «Мәдениет, білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша» заңды әзірледі. Кеше ғана бұл заңға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Заң күшіне енгеннен кейін қандай өзгерістер болатынын инфографикадан көре аласыздар.