«Бозторғай» әні 36 жылдан кейін халықпен қайта қауышты (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ән фильмге саундтрек болып таңдалған

Фото: instagram/m_besbaev

Әбдірахман Асылбековтің сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың «Бозторғай» әні 36 жылдан кейін тыңдарманға қайта жол тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл танымал ән Ақберен Елгезек режиссерлік еткен «Болмаған балалық шақ» фильмінің саундтрегі болады. 

 «Болмаған балалық шақ» — тәрбиелік мәні терең, ой саларлық фильм. Ол ресми түрде 27 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан шыға бастайды. Бұл ән мен фильм барша көрерменге ой салып, ерекше әсер сыйлайды», - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.