$ 497.88  518.59  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда былтыр жүздеген шетелдік бала қайыршылықпен айналысып жүрген жерінен ұсталды

Жуырда бір жеткіншек ұсталып, әкесі жауапқа тартылды

Алматыда былтыр жүздеген шетелдік бала қайыршылықпен айналысып жүрген жерінен ұсталды
Фото: Алматы ПД

Алматы ювеналды полициясының мәліметінше, өткен жылы қалада қайыршылықпен айналысқан кәмелетке толмаған245 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осындай жағдайдың бірі жуырда болды: Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында қайыр сұрап жүрген 15 жастағы жеткіншек табылды.

«Жас жігіттің Өзбекстан азаматы екендігі және әкесімен бірге Алматы облысы Талғар ауданында жалдамалы пәтерде тұратындығы белгілі болды. Бала қайыршылықпен айналысады, оқу үдерісіне араласпайды, ал әкесі – жұмыссыз. Оларды тексеру үшін әкесі мен баласы біздің бөлімшеге жеткізілді. Ата-анаға қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығына орналастырылды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.

Сондай-ақ, ішкі істер министрі жариялаған профилактикалық іс-шаралар жылы аясында, басқа қаладан келген жасөспірімдерді жедел анықтау мақсатында ювеналды және криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінен тұратын топтар, жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда, аулалар, жертөлелер, базарлар, ойын-сауық орындары, вокзалдар, саябақтарда күн сайын рейд жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары