$ 497.88  518.59  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 25 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдер аттестациядан өте алмаған

Қаладағы 160 мектептің 52-сі аттестациядан өте алмаған

Шымкентте 25 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдер аттестациядан өте алмаған
Фото: istockphoto.com

Шымкентте 25 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдер аттестациядан өте алмағаны белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы бүкіл өңірлердің арасында білім сапасы бойынша 20 орынның соңғысында тұрақтап тұр. Қаладағы 160 мектептің 52-сі аттестациядан өте алмаған. Ал тест сынақтарын тапсыра алмаған мұғалімдер қатарында 20-25 жылдық өтілі бар ұстаздар да бар. Бұл мәліметті қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы мәлімдеді.

Шымкент қаласында білім саласындағы өзекті мәселелер қоғамда жиі көтеріліп, кей тұста қатаң сынға ұшырап жатады. Оған себеп те жоқ емес. Саладағы орасан олқылықтардың бірқатарын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып айтты. Білім, спорт, мәдениет бағытында жетекшілік ететін ол, саладағы кейбір көрсеткіштер тіптен төмен дейді.

Ол білім сапасына, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мақсатты мектептер мәселесі төңірегінде бар кемшіліктерді тізіп, дәлелденген фактілерді келтірді. Мәселен, жалпы 160 мектептің 52 -сінің аттестациядан өте алмауы тіптен ұятты көрсеткіш дейді ол. Сондықтан жалпы білім саласында жылдар бойы қордаланған мәселелердің түйткілін шешу мақсатында ақпанда 40 мектеп директорының қатысуымен жиналыс өткен. Қорытындысы бойынша 8 мектеп басшысына шара да көріліпті.

Серіктес жаңалықтары