Атырау облысында ішімдік сатудан бас тартқан ауылда 5 жылда бірде бір қылмыс болмаған

Автор: Мөлдір Қазыбай

Мұнда алкоголь сататын дүкендер мүлдем жоқ

Көрнекі фото: Istockphoto.com

Атырауда облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Қызыл үй елдімекені ішімдік сатудан бас тартқан. Облыстық ПД мәліметінше, бұл ауылда 5 жылда бірде бір ішімдік тіркелмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауылда соңғы бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Мұнда алкоголь сататын дүкендер мүлдем жоқ, ал ауыл адамдары бұл дәстүрді сақтап, тұрмыстың шырайын келтіруге бел буған.

«Ішімдік ешқашан игілік әкелмейді. Біз ауылымызда оның сатылуына да, тұтынылуына да жол бермеуді жөн көрдік. Бұл шешім – қоғамымыздың тазалығы мен ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін жасалған қадам», – дейді ауыл ақсақалдары.