Көкшетау мен Жезқазғанда интернет алаяқтыққа қатысы екі шетелдік ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Жыл басынан бері алаяқтардың 10 ұяшығының қызметі тоқтатылды

Фото: Видеодан скрин

Көкшетау және Жезқазған қалаларында интернет алаяқтыққа қатысы бар екі шетел азаматын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, екі қалада жүргізілген тінту кезінде 128 слоттан тұратын екі sim-box құрылғысы, үш мыңға жуық sim-карта, роутерлер, маршрутизаторлар мен ұялы телефондар тәркіленді.

«Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері алаяқтардың 10 ұяшығының қызметі тоқтатылды. 11 адам ұсталды, оның ішінде төртеуі – шетелдік. Тінту кезінде 36 sim-box жабдығы, 8 мыңнан астам sim-карта, 11 компьютер, 452 usb-модем тәркіленді.