Осыған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген
Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, осыған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.