12.02.2025, 09:32
Спорт
Азия ойындары: Қазақстан әйелдер құрамасы шаңғыдан күміс жүлдегер атанды
Алтын жүлдені Қытай құрамасы жеңіп алды
Фото: Спорт министрлігі/Тұрар Қазанғапов
Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғы жарысынан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.
Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды