Алматы облысында 1500-ден астам отбасыда зорлық-зомбылық болғаны анықталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардың бәрі қазір Отбасыларды қолдау орталығында тіркеуде тұр

Фото: istockphoto.com

Алматы облысында қазіргі уақытта 1535 отбасында зорлық-зомбылық болған анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, олардың бәрі қазір Отбасыларды қолдау орталығында тіркеуде тұр.

Қиын жағдайға тап болғандарға мынандай көмек көрсетілді:

  • Құқықтық мәселелер – 204 адам;
  • Әлеуметтік мәселелер – 455 адам;
  • Психологиялық көмек – 192 адам;
  • Демеушілердің жеке қолдауы – 686 адам.

«Орталық жұмысының барлық уақытында 8 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша көмек сұрады. Егер ана мен бала ерекше қиын отбасылық жағдайда болса, оларды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына Алматы облыстық әлеуметтік көмек көрсету орталығына жібереді», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.