11-15 жастағы балалардың 50 пайызы энергетикалық сусынға тәуелді: дәрігерлер дабыл қақты (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Энергетикалық сусындар аяқастынан жүректің тоқтап қалуына алып келеді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Уролог-андролог Сағадат Бекзатұлы мен Қуаныш Қалдығұлов және кардиолог Шынар Ахметова энергетикалық сусындардың жұрт білмейтін зиянды тұстары туралы мәлімет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сағадат Бекзатұлының айтуынша, энергетикалық сусындар тәуелділікке алып келеді.

«Энергетикалық сусынның бір қалбырында тоғыз стақан кофе бар. Ал ересек адамдар үшін кофеиннің рұқсат етілген дозасы күніге үш стақаннан аспауы қажет», - дейді ол.

Ал Шынар Ахметова жастардың жартысы энергетикалық сусындарды тұрақты ішетінін айтты.

«Энергетикалық сусындар аяқастынан жүректің тоқтап қалуына алып келеді. Статистика бойынша Қазақстанда 11-15 жастағы балалардың 50 пайызы энергетикалық сусындар ішеді», - дейді кардиолог.

Өз кезегінде Қуаныш Қалдығұлов энергетикалық сусындар зат алмасу қызметін бұзып, өтте немесе бүйректе тас пайда болуға апаратынын тілге тиек етті.

Айта кетейік, осыған дейін горилла сусынын ішкен адамның асқазаны тесіліп қалғаны туралы хабарланған болатын.