Облыс «ақылды» өңірлердің үздік үштігіне кірген
Шығыс Қазақстан облысы «ақылды» өңірлердің үздік үштігіне кірді. Аймақта 5 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылып, оның 300-і интеллектуалды бейнебақылау жүйесін қолданады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында «Ақылды қала» жобасы аясында 26 бастама іске асырылды, олардың үшеуінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Маңызды жобалар:
Осы жобалар арқылы Шығыс Қазақстан облысы «ақылды» өңірлер рейтингінде 77 балл жинап, үздік үштіктен көрінді.
«2024 жылы облыста 96 IT-іс-шара ұйымдастырылып, оған 3 мыңнан астам IT-маман қатысты. Үздік 95 жоба қолдауға ие болды. 219 елді мекенде(96,7% тұрғын) интернет желісі тартылған. 138 ауылға интернет 2027 жылдың соңына дейін жеткізіледі. 160 мектеп Starlink жүйесіне қосылды», — делінген әкімдік хабарламасында.