Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Апат кезінде жеңіл көлік пен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысқан

Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында Toyota Camry жеңіл көлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы 6 ақпан күні Бейнеу – Сайөтес тасжолында болған. Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алып, Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. «КамАЗ» жүргізушісі зардап шеккен жоқ», — делінген департамент хабарламасында.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлік құралын басқару ережелерін бұзу, екі және одан да көп адамның өліміне әкелу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың нақты себептері анықталып жатыр.