76 ақпараттық канал мен бот жойылды
Қазақстанда қаңтар айында есірткіге байланысты 1257 сайт, оның ішінде 15 дроп-карта бұғатталып, 76 ақпараттық канал мен бот жойылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, өткен айда есірткіге қатысты 700-ден астам қылмыс анықталған. Оның ішінде:
Сонымен қатар, 9 ұйымдасқан қылмыстық топ пен 3 наркопритонның қызметі тоқтатылған. 17 зертхананың жұмысы әшкереленген.
«Жыл басынан бері 800 келіден астам есірткі, оның ішінде 29 келі синтетикалық есірткі және 5 тонна прекурсор тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс үздіксіз жалғасып жатыр», – деп мәлімдеді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.