08.02.2025, 11:48
Жаңалықтар
Жетісу облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты (ВИДЕО)
Бір адам ауруханаға жеткізілді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, оқиға 8 ақпан күні болған. Audi көлігінің жүргізушісі басқаруды жоғалтып, ағашқа соғылған. Соның салдарынан:
- Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты;
- Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда жол апатының себептері анықталуда. Қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдықты шектен тыс асырмауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді