Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Синоптиктер болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, демалыс күндері елдің батысында, солтүстік-батысында антициклон сілемі бар, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
«Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен және елдің оңтүстігінде циклон ойпатының әсерімен жауын-шашын ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстарымен, елдің шығысында қарлы боранмен және екпінді желмен жауады деп күтіліп отыр. Республика бойынша тұман да күтіледі.
Батыста түнгі уақытта ауа температурасы -5-13°С, солтүстік-батыста -13-21°С, түнде солтүстікте түнгі температура -7-15°С, шығыста және орталықта -12-20°С дейін, оңтүстікте -1-ге дейін төмендейді деп күтілуде. Оңтүстік-шығыста -5-10°С дейін, таулы аудандарда-13-23°С дейін суытады», - делінген синоптиктер болжамында.