07.02.2025, 08:10
Жаңалықтар
«Трамптың тура алдында отырдым»: Нұрлан имам Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты
Таңғы астан әлемнің түкпір-түпкірінен келген 2500 адам дәм татқан
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz
Әлеуметтік желіде танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы Ақ үй ұйымдастырған таңғы асқа қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Америка Құрама Штаттарының Вашингтондағы қайырымдылық таңғы асқа келіп отырмын…мыңдаған адам. Тура президенттің алдында имамдарыңыз отыр», – деді имам.
Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде америкалық саясаткерлер, кәсіпкерлер мен шетелдік қонақтар Вашингтонда рухани ас ішуге жиналады. Шараны алғаш рет 1953 жылы АҚШ-тың 34-ші президенті Дуайт Эйзенхауэр ұйымдастырды. Бірлескен таңғы ас Америка Құрама Штаттарының «рухани жаңғыруына» жол ашуы керек.
Көп оқылған
01.08.2026, 16:15
2 тамыз күні ауа райы қандай болады
01.08.2026, 14:37
«Денесінде сау жер жоқ»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды
01.08.2026, 21:31
+40 градустан асатын ыстық: 2 тамызда дауылды ескерту жарияланды
01.08.2026, 22:19
Жұмысқа орналасамын деп барған қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
01.08.2026, 07:37
Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы