07.02.2025, 08:56
Жаңалықтар
«Жүргізуші көліктен 10 метрге ұшып кетті»: Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
Шымкент қаласының орталығында ауыр жол апаты болды
Фото: видеодан кадр
Оқиға 6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Қалдаяқов көшесінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar-ға сілтеме жасап.
Mercedes-Benz жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен жарық бағанына соғылған.
Соққының қатты болғаны соншалық, жас жігіт көліктен 10 метрге ұшып кеткен. Ол ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көлікте болған жолаушы да зардап шегіп, оған медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға орнында төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Полиция жол апатының мән-жайын анықтауда.
Көп оқылған
01.08.2026, 16:15
2 тамыз күні ауа райы қандай болады
01.08.2026, 14:37
«Денесінде сау жер жоқ»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды
01.08.2026, 21:31
+40 градустан асатын ыстық: 2 тамызда дауылды ескерту жарияланды
01.08.2026, 22:19
Жұмысқа орналасамын деп барған қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
01.08.2026, 07:37
Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы