Газа секторы ақыры АҚШ қарамағына өтетін болды: палестиналықтарды көшіру басталады

Автор: Дәуренқызы Алма

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторын «басып алу» туралы ұсынысын қолдады

Фото: istockphoto.com

Израиль армиясына палестиналықтардың басым көпшілігін көшіру жоспарын дайындау тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CNN арнасына сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі Трамптың газалықтарды көрші елдерге жіберу және анклавты «ұзақ мерзімді меншікке» алуды көздейтін жоспары «керемет идея» екенін айтады.

«Бұл мен естіген бірінші жақсы идея. Тамаша ой. Мен оны зерделеп, дамыту және жүзеге асыру керек деп ойлаймын, өйткені ол бәрімізге өзгеше болашақ сыйлайды», – деп қосты Нетаньяху.

Дональд Трамп бейсенбі күні Газаның тағдыры туралы жаңа мәлімдеме жасағанын еске саламыз. Онда ол Вашингтон Газа секторын «бақылауына алатынын» және онда экономикалық даму үшін жағдай жасайтынын айтқан.

Баспасөз мәслихатында ол АҚШ Газа секторын бақылауына алып, ғимараттарды жермен-жексен ететінін, жарылмай қалған оқ-дәрілерді залалсыздандыратынын, «шексіз жұмыс орындарын» құрып, «сол аймақ тұрғындарына» арналған тұрғын үйлер салатынын айтты, бірақ «тұрғындар» деп нақты кімді меңзегенін ашып айтпады.