«Салмақ қосқанның кесірінен»: Шахизада бел ауруына шағымданды

Автор: Дәуренқызы Алма

Қазір әртіс арнайы диетаға отырған

Фото: instagram.com/shahizada.art

Белгілі әнші Шахизада өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығының нашарлағанын айтып, емделудің әдістерін бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өзіңді күтпесең, болмайды екен. Мен шауып жүре бергем, содан белім, омыртқаларым ауыра бастады. Негізі бұрыннан келе жатқан сырқат екен, мен өзімді күтпегенмін. «Ештеңе етпейді» деп спортқа барып, витаминднерімді ішіп жүре бергем…міне, он жылдай болды – ауырып-ауырып өзі қоятын. Мән бермейтінмін…қыста вирустан қатты ауырғанмын, сол кезде бар ауруың құтырады екен. Қазір денсаулығыммен осындай жағдай болып жатыр. Сол жақтағы бүйрек те онша емес. Қан қысымы кішкене көтерілген», – деді әнші.

Алайда Шахизада сыртқатынын емін тапқанын – күнделікті алма, сәбіз, қызылшадан жасалған смузиді кешке, жатар алдында ішетінін айтты.

«Бұл енді бауырға да, бәріне де ем. Кешке тамақ ішпеймін, өйткені салмақ қосқанның кесірінен менің белім қазір ауырып жүр», – деді әртіс.