$ 495.95  535.28  5.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында қылмыскер досын отырыс кезінде пышақтап өлтірген

Бұған дейін сотты болған жаңатастық 14 жылға бас бостандығынан айырылды

Жамбыл облысында қылмыскер досын отырыс кезінде пышақтап өлтірген
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында айуандықпен өлтірілген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың қазан айының 11-нен 12-не қараған түні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында ішімдік құйылған отырысқа жиналған екі ер азаматтың арасында жанжал туындаған. 

«Жәбірленуші айыпталушыны ұятсыз сөздермен балағаттай бастаған, ашуға булыққан сотталушы асхана пышағымен қаруланып, оның кеудесі мен тамағына бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды», – делінген сот хабарламасында.

Айыпталушы бұрын сотты болған. Сот үкім шығару кезінде мұны ескерді.

Ер адам кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары