$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

200 млн теңгеге жуық ақшаны алып, шетел асып кеткен: Қырғызстан ІІМ мәлімет жариялады

Ол бірнеше адаммен бірлесіп, алаяқтық жасаған

200 млн теңгеге жуық ақшаны алып, шетел асып кеткен: Қырғызстан ІІМ мәлімет жариялады
Фото: Polisia.kz

200 миллион теңгеге жуық қаражатты алаяқтық жолмен алып кеткен күдікті әйел Бішкек әуежайында қолға түскен. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматының ұсталуына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті Қазақстанда іздеуде болған. Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бірнеше адаммен бірлесіп, банк клиенттерінің қаражатын ұрлау үшін алаяқтық схемасын ұйымдастырған. Осылайша, олар бес адамды алдап кеткен.

«Қылмыстық әрекет барысында топ мүшелері алаяқтық жоспар құрып, өзара рөлге бөлінген. Б.А. үйлестіруші қызметін атқарып, сыбайластар арасындағы байланысты қамтамасыз етті, олардың әрекетін реттеп, схеманың орындалуын қадағалады. Жәбірленушілердің 183 014 000 теңге қаражаты жалған есепшоттарға аударылып, кейін криптовалюта әмияндары арқылы шығарылды», - деп хабарлады Қырғызстан ішкі істер министрлігі.

Ұсталған азаматты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін Сокулук аудандық ІІБ-нің тергеу қызметіне жеткізді.

Серіктес жаңалықтары