Алматыда «діндарлар» ұрланған ұялы телефондардың IMEI-кодын өзгертіп сатты деген күдікке ілінді
Олар «салафизм» ағымының ұстанушылары болған
Алматыдағы екі бірдей сауда орталықтарының сатушылары ұрланған телефондардың IMEI-кодын өзгертіп сатқан деген күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 қазан күні тәртіп сақшылары «Мегатау» және «Аэровокзал» сауда орталықтарында рейдтік шаралар өткізген. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабы 3-тармағымен («Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату») іс қозғалған.
Полицейлердің айтуынша, күдікке ілінген саудагерлердің арасында деструктивті діни ағым – «салафизм» ұстанушылары да бар.