Бүгін, 00:37
Жаңалықтар
Бұрынғы қала әкімі мен оның әйелін туған немересі өлтіріп, денелерін бір ай бөшкеде сақтаған
Алғашында оларды атып тастаған деген ақпарат тарады
![Бұрынғы қала әкімі мен оның әйелін туған немересі өлтіріп, денелерін бір ай бөшкеде сақтаған](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/05/67a3c0471f7e9004710956.jpg)
Фото: istockphoto.com
RTVI мәліметінше, Виктор Тархов пен оның жұбайы Наталья бір ай бұрын Финляндиядан оралған кезде өлтірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашында оларды атып тастаған деген ақпарат тараған, алайда кейіннен өлімші етіп сабалғаны анықталды. Марқұмдардың денесі бір ай бойы бөшкелерде сақталған.
Тергеу нұсқасы бойынша, бұрынғы мэрдің немересі Екатерина Бельская кісі өлтіргеннен кейін Тарховтардың мүлкін, көліктерін және иконалар коллекциясын сатып жіберген. Сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру үшін олардың телефондарынан хабарламалар жіберіп отырған.
Самара соты Екатерина Бельскаяны қамауға алды, алайда ол тергеушілерге түсінік беруден бас тартқан.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
04.02.2025, 10:44
Астанадағы зәулім сарайда имам емес, Зекет қорының экс-директоры тұратын болып шықты (ВИДЕО)
04.02.2025, 12:59
Қайрат Нұртастың ұлы неден қорқатынын айтты
04.02.2025, 12:00
«Уақыт тығыз болды»: Қазақстанға келген Айнұр Тұрсынбаева қонаққа шақырған үйлерді аралап үлгермей қалған (ВИДЕО)
04.02.2025, 12:40
Қазақстанда қала арасында ұшатын автокөлік пайда болады