Павлодар облысында жол сапасына көңіл бөлмеген шенеуніктерге 800 мың теңге айыппұл салынды (ВИДЕО)
Автожолдарды тексеру нәтижесінде 200-ге жуық ақау анықталды
Павлодар облысында жыл басынан бері полиция 3031 мың шақырым жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарды зерттеді. Анықталған бұзушылықтар бойынша кемшіліктерді жою бойынша 137 нұсқама берілді.
Жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 21 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды, оларға 800 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
«Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін Ақтоғай ауданы мен Тереңкөл ауданының ТКШ бөлімінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар ведомстволық бағынысты учаскені күтіп ұстау бойынша талаптарды орындамады, әрқайсысына 39320 теңге айыппұл салынды.
Осыған ұқсас бұзушылықтар «Павлодар-Қызылорда» республикалық маңызы бар трассасында анықталды, 36920 теңге сомасына жергілікті жол – пайдалану басқармасының бастығы жауапкершілікке тартылды.
Жүргізілетін тексерулердің басты мақсаты өңірде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-практикалық шараларды іске асыру жолымен ЖКО алдын алу және олардың салдарының ауырлығын төмендету болып табылады», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.