Көлік Шымкент қаласында табылды
Түркістан облысы Келес ауданында полиция қызметкерлері құны 2 миллион теңге тұратын Audi маркалы көлікті заңсыз айдап кеткен 36 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында күдікті мен көлік иесінің арасында түсінбеушілік туындағаны анықталды. Өш алу мақсатында ол автотұрақта тұрған әріптесінің көлігін айдап кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Шымкент қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.