$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда енді жерасты паркингтері мен жертөлелер бомбадан қорғайтын болады

Аталған нормалар адамдар көп жиналатын 16 түрлі нысанды қамтиды

Қазақстанда енді жерасты паркингтері мен жертөлелер бомбадан қорғайтын болады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда соғыс жағдайында жертөлелер, қосалқы үй-жайлар және жерасты паркингтері бомбадан қорғайтын орын ретінде қолданылатыны ресми түрде бекітілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметінше, ТЖМ мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ғимараттардың жерасты кеңістігін (жертөлелер, қосалқы үй-жайлар, жерасты паркингтері) қарапайым пана ретінде пайдалану талаптарын құрылыс нормаларына енгізу мәселесін пысықтаған.

«2024 жылғы 22 қазанда Өнеркәсіп және құрылыс министрінің №134-НҚ бұйрығымен 2.04-15-2024 "Қарапайым пана" құрылыс нормалары бекітілді. Бұл норматив соғыс кезінде халықты зақымдаушы факторлардан қорғауға арналған жасырын паналарға қойылатын міндетті талаптарды айқындайды. Аталған нормалар адамдар көп жиналатын 16 түрлі нысанды қамтиды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, халыққа арналған осындай паналарды пайдалану «қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» үкімет қаулысымен реттеледі.

Серіктес жаңалықтары