03.02.2025, 23:10
Жаңалықтар
«Полиция не қарап тұр»: Ақтауда жанып жатқан көлікті тұрғындар өз қолымен сөндіруге тырысқан
Ақтау қаласында жеңіл көлік отқа оранды
Фото: видеодан кадр
Желіде тараған видеода тұрғындар қолдарына шелек алып, өртті өздері сөндірмек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Innstagram-дағы 112_aktau парақшасында жарияланған видеода Ақтау қаласының орталығы, 28-А ықшамауданында көлік жана бастағанын көруге болады. Оқыс оқиғаға куә болған тұрғындар өрт сөндірушілерді күтпей қолдарына шелек алып, өртті сөндіруге тырысқан.
Желі қолданушылары оқиға орнына келген полицейлердің бейқамдығына наразылық білдіріп, пікір қалдыруда.
«Қасына келіп, көмектеспей ме? Әлде «жанып кетермін» деп қорқып тұр ма?», «Полиция не қарап тұр?» – деп жазады ақтаулықтар.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды