$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

SWAT Challenge 2025: «Сұңқар» арнайы жасағы тағы да топ жарды

Биылғы додаға 100-ден астам елдің арнайы бөлімшелері қатысып жатыр

SWAT Challenge 2025: «Сұңқар» арнайы жасағы тағы да топ жарды
Фото: видеодан кадр

Дубайда өтіп жатқан The UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарысында Қазақстанның «Сұңқар» арнайы жасағы жеңісті жолын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық жасақ жарыстың бірінші және үшінші күндеріндегі нәтижелер бойынша көш бастап келеді. 

«Олар «Офицерді құтқару» деп аталатын үшінші кезеңді сәтті аяқтап, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептіліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Барлық сынақты 2 минут 11 секундта орындаған «Сұңқар» жауынгерлері қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады», – делінген хабарламада. 

Қазақстандық полицейлер жарысқа қатысып жатқан әріптестерінің видеоларын бөлісіп, оларға барынша қолдау білдіріп жатыр. Дубайда жүрген отандастарымыз да «Сұңқардың» жеңісіне қуанып, жарысты жанкүйерлікпен тамашалап жатыр.

«Бізді қолдаған жандардың бәріне алғысымыз шексіз. Жерлестеріміздің ыстық лебізі бізге үлкен күш-жігер сыйлайды», – деді қазақстандық арнайы жасақ жауынгерлері.

Жарыстың бірінші күнінде де Қазақстан Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы оза шауып, алтын жеңіп алғанын еске саламыз..

«Сұңқар» арнайы жасағы жарыстың бірінші кезеңін 1 минут 34 секундта аяқтады. Осы уақыт ішінде жауынгерлер кедергілерді еңсеріп, нысанаға дәл тиіп, кепілдегі адамдарды босатты.

«SWAT Challenge» – әлемнің түрлі елдерінің арнайы жасақтары қатысатын беделді жарыстардың бірі.

Серіктес жаңалықтары