03.02.2025, 17:27
Жаңалықтар
Жүкті әйел де болған: Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, бірнеше адам тірідей өртеніп кетті
Алдын ала болжам бойынша 6 адам қаза тапты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, туындаған өрттен бірнеше адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметінше, 3 ақпан күні Кентау-Түркістан тасжолының 7-ші шақырымында Audi маркалы екі жеңіл көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.
Көліктердің бірінде шетелдік азаматтар болғаны хабарланды. Қаза тапқандардың арасында 17 жастағы үш жасөспірім мен 20 жасқа толмаған екі жасөспірім бар. Жүктілігіне 27 апта болған жолаушылардың бірі де қайтыс болды.
Қалған жолаушылардың жеке басы анықталып жатыр.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)