$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай мен СҚО-да соңғы бес жылда 1000-нан астам жасөспірім қыз бала ана атанған

Көбінесе 16-17 жастағы жасөспірімдер жүкті болатыны анықталды

Қостанай мен СҚО-да соңғы бес жылда 1000-нан астам жасөспірім қыз бала ана атанған
Фото: istockphoto.com

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау басқармалары соңғы бес жылда кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік туралы хабарлады. Ведомстволардың мәліметі бойынша олардың орташа жасы 16 жасты құраған. Аталмыш өңірлердің басқармалары редакцияның қойған сауалына берген жауабында осы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 10 айында ерте, жасөспірімдік жүктіліктің 56 жағдайы тіркелген.

2023 жылы облыста 135 жүкті қыз бала болған. 2022 жылы – 58, 2021 жылы – 108, 2020 жылы – 202, 2019 жылы – 87 болды.

Көбінесе 16-17 жас аралығындағы қыздар жүкті болып қалады.

Облыста кәмелетке толмағандар арасындағы жүктілікті медициналық жолмен тоқтату жағдайлары да болды: 2023 жылы 50 қыз бала түсік жасаса, 2022 жылы – 43, 2021 жылы – 66, 2020 жылы – 83, 2019 жылы – 62.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімдердің жүктілігі қалыпты өтеді. 2019 жылдан 2024 жылға дейін жүктілік кезінде ерте босанудың немесе ана мен нәресте өлімінің жағдайлары тіркелген жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы өткен жылдың 10 айында 60 жүкті жасөспірім қыз диспансерлік есепте тұрғанын хабарлады. Ал алдыңғы жылдары көрсеткіш мынандай болды:

  • 2023 жылы – 54 адам;
  • 2022 жылы – 95 адам;
  • 2021 жылы – 87 адам;
  • 2020 жылы – 102 адам;
  • 2019 жылы – 100 адам.

Жүкті болған жасөспірім қыздардың орташа жасы – 16 жас.

2024 жылы кәмелетке толмаған 21 қыз бала ана атанды. 2023 жылы – 39, 2022 жылы – 65, 2021 жылы – 65, 2020 жылы – 80.

2024 жылы 7 жасөспірім, 2023 жылы 13, 2022 жылы 15, 2021 жылы 12, 2020 жылы 23 жасөспірім түсік жасатқан.

Сонымен қатар, облыста 2018, 2020 және 2022 жылдары (жыл сайын бір жағдай) жасөспірімдердің ерте жүктіліктен өлі тууының үш оқиғасы тіркелді.

Серіктес жаңалықтары