$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл ұрланған малдың 30%-ы ғана иелеріне қайтарылған

Жыл басынан бері елде 450 мал ұрланса, оның тек 134-і иелеріне қайтарылған

Биыл ұрланған малдың 30%-ы ғана иелеріне қайтарылған
Фото: istockphoto.com

2024 жылы Қазақстанда 1026 мал ұрлығы тіркелді – былтырғы жалпы ұрлық фактілерінің 3 пайызын. Олардың жартысынан көбі еркін жайылымда жасалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Polisia.kz ақпаратына сәйкес, полиция былтыр 89 қылмыстық топты құрықтап, олардың құрамындағы 572 күдіктіні ұстады. Барлығы 4,5 мыңнан астам ұрланған мал табылып, иелеріне қайтарылды.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, соңғы бес жылда мал ұрлығы 64 пайызға азайған.

Сондай-ақ жайылым ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік белгіленген. 2024 жылы 38,5 мыңнан астам осындай құқықбұзушылық анықталды. Одан бөлек мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізілген. Онда мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2025 жылдың қаңтар айында елімізде 69 мал ұрлығы тіркелді. 53 күдікті ұсталды. 10 қылмыстық топ әшкереленді. Ұрланған 450 малдың 134-і иелеріне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары