03.02.2025, 10:57
Жаңалықтар
Жетісу облысында басшысын бопсалап, пәтерін тартып алмақ болған адам ұзақ жылға сотталып кетті
Ол 16 млн теңге тұратын пәтерін талап еткен
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Жетісу облысында бұрынғы компания қызметкері басшысын бопсалап, пәтерін тартып алмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 млн теңге тұратын пәтерді талап еткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кескен.
«Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді бопсалау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды