«Талдыкөлге айналды»: желі қолданушысы Астанада жертөлесі суға батқан үйді көрсетті

Автор: Дәуренқызы Алма

Жертөледе резеңке етіксіз жүру мүмкін емес

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жертөле суға батқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Міне, біздің үйдің жертөлесі. Толық су астында қалған…судың қайдан шығып жатқанын білмеймін. Жер астынан ба? Онда мүлдем бастамыз ғой. Деңгейін қара», – деді желі қолданушысы видеода.

Видеода жазылған сипаттамаға назар аударсақ, коммуналдық мәселе елорданың жаңа теміржолына жақын жерде бой көтерген Burabay-2 тұрғын үйінде туындаған. Былтыр ғана қолданысқа берілген үйлерді «АсТи-Строй» құрылыс компаниясы салған.

«Жер асты сулары. Әлі көктем келген жоқ», «Алла сақтасын», «Талдыкөл суы. Артық ылғалдың шығатын жері жоқ. Уақыт өте келе үйдің асты құлайды», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.