Канада АҚШ-тың 51-ші штаты болуы керек - Трамп

Автор: Дәуренқызы Алма

АҚШ экс-президенті Дональд Трамп Канадаға қатысты даулы мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Ол елдің АҚШ-қа қосылуы арқылы кедендік баж салығынан құтылуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған жазбасында Трамп:

«Біз Канаданы субсидиялау үшін жүздеген миллиард доллар төлеп жатырмыз. Неліктен? Ешқандай себеп жоқ. Бізде олардың ресурстарының бәрі бар – шексіз қуат көзі, өзіміз шығаратын көліктер, мол ағаш қоры. Бірақ оны да толық пайдаланып жатқан жоқпыз», – деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер АҚШ-тың қаржылай қолдауы болмаса, Канада өмір сүруін тоқтатады.

«Бұл қиын, бірақ шындық! Сондықтан Канада АҚШ-тың қалаулы 51-ші штатына айналуы керек. Бұл тұрғындарға салықтық жеңілдіктер әкеледі, әскери қорғанысты күшейтеді және кедендік баж салығын жояды», – деді Трамп.

Ақ үй басшысының мәлімдемесі саясаткерлер мен сарапшылар арасында қызу талқыға түсті. Канадалық билік әзірге Трамптың сөздеріне ресми жауап берген жоқ.