Ол балабақшаға арналған тауарларға төлем жасауға арналған ақшаны өзінің жеке шотына аударып отырған
Ақмола облысының Жақсы ауданындағы «Болашақ» балабақшасының бухгалтері 9 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметінше, бухгалтер балабақшаға арналған тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға арналған ақшаны өзінің жеке шотына аударып отырған.
Аталған факт бойынша Жақсы ауданының прокуратурасы алдын ала тергеу жұмыстарын бастады.
«Бұл істі әділ әрі толық тексеру мақсатында прокуратура бақылауды күшейтіп, барлық қажетті шараларды қолға алып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Жемқорлыққа қарсы күрес органдары жағдайдың мән-жайын анықтайды.