Ақпан айының алғашқы күні ауа райы қандай болады
Әр облысқа арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК ақпан айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел астанасында таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні: 15-18 м/с.
Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде қар жауады. Облыстың таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі.
Ақтөбе облысында көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысында қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз облыс орталығында жел 15-20 м/с екпінмен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының орталығында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы жерлерінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.
Жетісу облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысында аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Сол сияқты өткінші тұман түседі.
Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысында күндіз қар жауады, бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысының орталығында аздаған қар жауады, күндіз бұрқасын болады. Басым бөлігінде өткінші тұман түседі.