Павлодарда хирург бес жасар баланы сүндетке отырғызу кезінде мүшесінің бір бөлігін кесіп тастаған
Оқиға 2023 жылдың тамыз айында болған

Павлодарда балалар хирургі бес жасар баланы сүндеттеу кезінде жыныс мүшесінің басының үштен бір бөлігін кесіп, дәрет шығару жолын зақымдаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі CMN.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2023 жылдың тамыз айында болған. Жоспарлы операциядан кейін баланың жағдайы күрт нашарлаған. Ол шұғыл түрде астаналық Ана мен бала орталығына жіберілді. Дәрігер отадан шеттетіліп, оған қатысты қызметтік тергеу басталды.
Жәбірленушінің анасы оқиға дәрігерлердің қателігінің салдарынан болғанына сенімді, бұл кейінірек расталды.
«Жіберілген қателігі үшін хирург тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс жарияланды және екі айға хирургиялық операция жасаудан шеттетілді. Кейін ол өз еркімен қызметінен кетті», — деп жазды pavon.kz 2023 жылдың қарашасында.
Кейінірек дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның материалдары 2025 жылдың қаңтарында сотқа түскен. Қазір алдын ала тыңдаулар жүріп жатыр.