$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында отбасылық өмірден шаршаған келіншек көпірден секіріп, өлмек болды

Оқиға «Сарыағаш-Жібек жолы» аспалы көпірінде болған

Түркістан облысында отбасылық өмірден шаршаған келіншек көпірден секіріп, өлмек болды
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында өмірден түңіліп, көпірден секіріп өлмек болған келіншек құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, оқиға республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында болған. Патрульдеу жұмысымен қызметте жүрген полиция аға лейтенанттары М.Құрбанбаев пен Н.Сайымқұлов «Сарыағаш-Жібек жолы» аспалы көпірінде жалғыз тұрған жас келіншекті байқайды.

«Таңғы уақытта арлы-берлі жүрген әйелден күмәнданған қызметкерлер оның өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанын көреді. Содан бірден әрекет етіп, оқиға орнына жетеді. 5,5 метр биіктіктен секірмекші болып, көпірге жармасқан жас келіншекті әңгімеге алдандыра отырып, қолынан тартып алады. Қапсыра құшақтап алып, қауіпсіз жерге алып шығады. Осылайша әйелдің өмірмен қоштасуына жол берілмеді.

Полицейдің қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болғанымен, кейде құтқарушы, ал енді бірде психолог болады. Мұны жақсы білетін қызметкерлер өмірден түңіліп, жабырқап тұрған келіншекке түсіндірме жұмысын жүргізді. Әйел өз жауабында отбасылық жағдайынан шаршағанын жеткізді.

Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтап, онымен профилактикалық әңгімелесу шаралары атқарылып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары