Қазақстаннан бөлек өзге елдің азаматтығы бар 100-ге жуық адам шекарадан өтпек болған – ҰҚК
Қазақстанда бір ай ішінде қос азаматтығы бар 100-ге жуық адам анықталды

Қазақстанда бір ай ішінде қос азаматтығы бар 100-ге жуық адам шекара арқылы өтпек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері өткізу пунктерінде бір уақытта Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады.
Ұсталғандардың ісі полиция органдарына берілді.
Айта кету керек, 2024 жылы Мемлекеттік шекарада 1190 қос азаматтық фактісі анықталды.
«Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды.
ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады. Бұдан өзге, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болып саналады», - делінген ҰҚК хабарламада.