Астанада балабақшалардың бірінде екі ана төбелесіп қалды: оның бірі – жүкті (ВИДЕО)
Полицияға екеуінен де арыз түскен
Астанадағы балабақшалардың бірінде аналар арасында болған кикілжің төбелеске ұласты. Әлеуметтік желіде екі әйелдің киім ауыстыратын бөлмеде төбелесіп жатқаны туралы видео тарады. Олардың бірі жүкті екені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнебақылау камерасының түсіріліміне қарағанда, оқиға 29 қаңтарда болған. Кадрлардан екі ананың сөзге келіп қалып, артынша төбелескенін көруге болады. Осыдан кейін бірнеше минуттан соң жүкті әйел өзін нашар сезінгені анықталды.
Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты екі әйелден де арыз түскенін хабарлады.
«Қақтығыс тараптары дене жарақаты туралы полицияға арыз түсірді. Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.